Каз туралы ангиме курау

0 голосов
44 просмотров

Каз туралы ангиме курау


Қазақ тiлi (38 баллов) | 44 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қаз – үйрек тұқымдасына жататын құс. Қаздың жабайы түрлерінің салмағы 2 – 12 кг, дене тұрқы 60 – 100 см. Құрлықты не тайыз суды мекендейді. Суда жақсы жүзеді, сүңгиді. Балапан басатын кезде жұбымен жүреді, ұясын құрлыққа (шөптен, қынадан, мамықтан) салады. Әр ұяда 5 – 30 (-100) жұмыртқа болады, оны мекиені басады. Асыранды қаз жабайы сұр қаздантараған. Асыранды қаздың түсі, ірілігі әр түрлі, мамығы көп болады, бұл оны суықтан сақтайды. Балапан қаз 265 – 350 күндігінде жұмыртқалай бастайды. Тұқымына, күтіп бағуына, ауа райына қарай 4 – 8 ай жұмыртқа салады. Қазды 5 – 6, кейде 8 жыл қолда ұстауға болады. 3 – 4 мекиенге 1 кежек қосады. Қазды әдетте 6 айлығында етке сояды. Қаз етінде 16% белок, 35% май болады. Қаз майы – үсікті емдеуде шипалы зат. Қаздың мамығы, қауырсыны өте пайдалы.

(516 баллов)