Эвфемизм дисфемизм және табу бар ангимелер

0 голосов
167 просмотров

Эвфемизм дисфемизм және табу бар ангимелер


Қазақ тiлi (16 баллов) | 167 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қазақ тілі 5 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм. 
1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың білімін дамыту, тереңдету, ізденістігін арттыра отырып, ой - өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, ережелерді түсіндіре отырып, ажырата білуге баулу.
2. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттер дамыту, ізгілікке, ынтымақтыққа, халықтық педагогика негіздеріне баулу. Жақсы, әдемі, орынды сөйлеп, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Іздендіру, салыстыру, топтау, ой жинақтау.
Сабақтың түрі: Тіл дамыту.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
а) Үй тапсырмасын тексеру.
- Сонымен, оқушылар – Табу дегеніміз не?
- Табу дегеніміз – ескі әдет – ғұрыпқа, діни – наным сенімге байланысты тура айтуға тыйым салынған сөздер.
Мысалы: Қасқыр – ұлыма, Найзағай – жасын
Өзен – сарқырама, Жылан – ұзын.
Қой – маңырама.
Мәтінмен жұмыс, оқушылар табу сөздерді табады.
Менің биыл ағам үйленді. Жеңешем бәрімізге ат қойды. Мені «Кішкенем», інімді «Шырақ», сіңлімді «Шырайлым» деп атап кетті. Ағайымның үлкен ағалары мен жеңгелерін де атымен атамайды. «Үлкен үйдегі қайнаға», «Әнші жеңгей», «Әкім аға», «Үндемес» деген аттары бар. Жеңешем о дүниелік болған адамдардың да атын атамайды, тергейді. Жақында жеңешем бәрімізге қуаныш сыйлады. Біздің ортамызға «тоқымқағар» қосылды. Бұрыннан да біздің жанұяда «Күлшашар», «Шайқұяр», «Гүл егер» деген бөпелер бар болатын.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Эвфемизм (грек сөзі) – жақсы сөйлеймін,
Дисфемизм (грек сөзі) – дөрекі сөздер.
Эвфемизм дегеніміз – жағымсыз, дөрекі, қатты естілетін сөздерді сыпайы жеткізу.
«Жақсы» сөйлеймін деген мағына берді. Ал, Дисфемизм, керісінше дөрекі, қорлау, кеміту, жаратпай, жаман сөйлеу.
Тақтаға назар аударайық!
ІІ. Үйренушілік деңгей.

106 - жаттығуды жазбаша орындау (кітаппен жұмыс).
Ұры - қолының сұғанағы бар.
Өсекші - суайт, сөз таситын адам.
Боқмұрын - жас, жасы кіші адам.
Қырт - мылжың - көп сөйлеу.
Топас - білімсіз, надан
Саңырау – құлағы ауыр, құлағының мүкісі бар
Соқыр – көзі көрмейді, зағип адам.
Ақсақ – аяғын сылтып басу.
Сақау – мылқау, тілі жоқ.
Жынды – есуас, жарымес.
Ал, енді оқушылар ана тіліміз, тіл туралы мақал - мәтелдерді еске түсіріп кезек - кезек тақтаға жазайық! Мақал - мәтелдерді тақтаға жаздыру, ауызша айту.

(18 баллов)