Мүсінші тақырыбына шыгарма

0 голосов
47 просмотров

Мүсінші тақырыбына шыгарма


Қазақ тiлi (14 баллов) | 47 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

2012Ұлттық мәдениеттің өркендеу үдерісінде өзіндік орны бар, халықтың рухын арттыратын шығармашылық саланың бірі – бейнелеу өнері. Оның түрлі жанрлары: графика, керамика, мүсін, қолөнер, тоқыма, сәулет, зергерлік, т.б. өзара біріге отырып, синтездік өнерді құрайды. Бұл өнердің аталған бағыттарында өздерінің таланты мен шеберлігін танытып жүрген өнерпаздар аз емес. Тәуелсіз Қазақ елінің бейнелеу өнеріндегі сондай белгілі тұлғаның бірі мүсінші – Нұрлан Аманұлы Далбай.

Бүгінгі күнде оның қолтаң­ба­сын айғақтайтын түрлі мінездегі, түр­лі өрнектегі тас мүсіндері қа­зақ даласының сәніне айналған. Мә­селен, Алматы қаласындағы «Мұ­қа­ғали Мақатаев», «Әбілхан Қастеев», «Бауыржан Момыш­ұлы», «Тәуелсіздік» монументі, Аста­надағы «Қазақ елі», «Кенесары», «Жамбыл Жабаев», Атырау­дағы «Дина Нұрпейісова», Қара­ған­дыдағы «Қазыбек би», Шахтинск қаласындағы «Абай», Қы­зыл­ордадағы «Жалаңтөс батыр», т.б. көпшіліктің назарын аударған ерекше дүниелер деп айта аламыз.
Н.Далбайдың мүсін өнеріне деген ынта-ықыласы бала кезінен-ақ қалыптасқан-ды. Оның әрбір балаға тән ойын мен құрас­тыр­ма­лы ойыншықтарға деген құштар­лы­ғы өте зор болды. Нұрланның ба­ла қиялы конструкторлық ойын­шықтардан секіруге арналған спорт­тық серіппелер (трамплин), теңіз қарақшыларының кемесін жә­не ауа соғысына қажетті құрыл­ғыларды жасауда шарықтап, өз ойындағы, арманындағы дүние­лерді әдемі келістіретін. Сонымен қатар, ақ қағаз бетіне түсірген эс­киздері мен пластилиннен жа­са­ған әртүрлі бейнелерінің, бала қия­лымен жасалған түрлі дене­лерінің әсемдігі оның болашағын сол кезден-ақ байқатты.
Н.Далбай жоғары білім алып, шығармашылығын кәсіби тұрғыда қалыптастыруда көптеген сынақ­тардан, тәжірибелерден өтті. Ол Н.В.Гоголь атындағы Алматы көр­кемсурет училищесін аяқтаған соң, 1984 жылы Санкт-Петербург (Ленинград) қаласындағы Сурет­шілер академиясына белгілі Ресей мүсіншісі, ХХ ғасырдағы мүсін өнерінің ең биік шыңы болып та­былған Пушкин ескерткішінің авторы Михаил Аникушиннің ше­бер­ханасына оқуға түседі.

(294 баллов)