Қазіргі таңда жолда жүру ережелерін дұрыс білмегендіктен адам өмірінде, әсіресе балалар өмірінде, қауіпті оқыс жағдайлар кеңінен орын алып отыр. Жол-көлік оқиғалары жылдан жылға артып келеді, жаяу жүргіншілер де, көліктілер де көбейе түсуде. Көшелер мен жолдағы жағдайлар күннен күнге күрделеніп, адам өміріне қауіп-қатер төнуде. Сондықтан, жол-қауіпсіздік ережелерін жатқа білу, оларды балабақшадан, мектеп қабырғасынан бастап бала бойына сіңіру баршаның міндеті деп санау керек.