Əнді сүйсең менше сүй эссе

0 голосов
115 просмотров

Əнді сүйсең менше сүй эссе


Қазақ тiлi (29 баллов) | 115 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

ӘНДІ СҮЙСЕҢ, МЕНШЕ СҮЙ…

немесе Әлмағамбет Қапсалямұлы жайында не білеміз?

Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,- деп бүгінгі ұрпаққа айтқан Абайдың бұл өсиеті мәңгілікке айналды. Бұрынғы фольклорлық ән үлгісі келе-келе томаға-тұйық қалыптан әлдеқайда ұзап шығып, жеке ауылдың, болмаса ру-ұлыстың ғана тиесілі сыбағасындай болмай, кең-байтақ қазақ сахарасының ортақ туындысына, қазына байлығына қосылды. Сарыарқадан ән әуелеткен Сегіз сері, Біржан, Ақан сері әндері қазақ жұртының батыс-шығысына тегіс жария болды. Бұл қатарда алдымен ауызға ілігері – тағы да Абай әндері. Оның ішінде ел көкейіне қона кеткен­ ерекше екі ән – «Айттым сәлем, Қаламқас» («Жігіт сөзі») пен «Сегіз аяқ» («Алыстан сермеп») қазақ сахарасында кең та­рал­ды.­

Қарт Шыңғысты мекендеген елге арқа әндерінің дендеп тарай бастағаны да ұлы Абайдың ән, сән түзеген жастық, бозбалалық шағымен тұспа-тұс келетінін Мұх­тар­ Әу­е­зов­ әріден байыптап,­ су­рет­кер­лік шеберлікпен пайдаланғаны оқырманға «Абай жолы» роман­-эпо­пеясы арқылы белгілі. Ұлттық поэ­зия­мыз­ға­ жа­ңа­ мазмұн, жа­ңа­ түр беріп, сол арқылы қазақ хал­қы­ның­ дүниетанымын, көз­қа­ра­сын­ кеңейтіп, ақыл-ой санасын тереңдетіп, жаңа өріске бастаған ақын қазақ музыка өнерін дамытуда да асқан жаңашыл болды. Бүгінгі ұлт­тық­ му­зы­ка­ әлемінде «Абай сти­лі» деп аталатын ақын­ның му­зы­ка­лық мұрасы – соның айғағы. «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» деген ақын поэзияға қойған заңғар талабын қазақ музыкасына, оның ішінде қазақ өнеріне де қоя білді.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз са­ра­­сы,­ Қиыннан қиыстырар ер­ данасы» деген Абай музыка жай­ын­да­ғы­ ойын былай түйді:

Құр айғай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған,
Кісіге сән бе екен?

Немесе:
Жаманға «жар» деген-ақ, ән көрінер,
Жақсы ән білсе, айтуға кім ері­нер?­
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп,
Жабырқаған көңілің көтерілер.

Ұлы ақынның әнге деген те­рең­ фи­ло­со­фия­лық­ көзқарасы он­ың­ көп­те­ген­ өлеңдерінен осы­­лай­­ мен­­ мұндалап тұрады. Тұ­­тас­­ жұрт­тың­ ад­ам­гер­­ші­лік­ке,­ иман­­ды­­лық­­­қа,­ ад­­ал­­­­дық­­қа,­­ бау­­ыр­­мал­­дық­­қа­­ тәр­бие­леу­дің бір үлгісі өнер, ұлттық өнер деп білген Абай сөз бен саз­дың,­ әу­ен­нің ара-жігін ашпады. Екеуін де­ тәр­бие­лік­ ба­ғыт­та­ қуат­ты ­құ­рал­ ре­тін­де­ жұмсай білді. Ең ал­ды­мен,­ өн­ер­паз­ бе­де­лін көтеріп, көп­ке­ әй­гі­лі­ етудің жолдарын жиі қарастырып отырды. Қолынан келгенше жас өн­ер­паз­дар­ды өз ауылына шақырып, жиі мәжілістес болып, ұзақ уақыт қолынан ұстап, ән сырын, өнер сырын ашып, тү­сін­діріп, жол-жөн нұсқады. Әсем әнді құлай сүйген ақын өресі биік өнерге қатаң талап қойды. Әнді тыңдауда, әншіні бағалауда табиғи талант иесін жо­ға­ры­ қадір тұтты.

Бір өкініштісі, Абай әндерінің туу, таралу тарихы әлі күнге дейін тия­нақ­ты­ зерт­теу­шісін тапқан жоқ.­ Абайдың ақындық мектебі бол­ға­нын білгенімізбен, әншілік мек­­те­бі­не­ келгенде мүдіріп қа­ла­мыз.­­ Шын­ды­ғын­да,­ көптеген архив құ­жат­та­рын­да,­ ел аузынан жиналған ақын за­ман­дас­та­рының, өз­ ау­ыл­дас­та­ры­­ мен туған-туыс­қан­­да­рының ес­те­лік­те­рін­де Абай әндерінің шығу төр­кі­ні, ­ол әндерді орындап, көпке та­рат­қан әнші шә­­кірт­­те­­рі­­нің­­ ес­ім­­де­­­рі­ кез­де­сіп қа­ла­ды.­ Мә­се­лен,­ Аб­ай­дың­ ақ­ын­ шәкірті Көкбай, алыс ау­ыл­дас­та­ры­нан атасақ, Әсет, Әріп, кейіннен Абай қолына келіп тұрақтап қалған Мұ­қа,­ Уәйіс, өзінің аталас жақыны Май­ба­сар­дың­ Мұхаметжаны, кей­ін­­деу­ Әл­мағамбет, Әмір, өз баласы Ақ­ыл­бай, немересі Әубәкір бо­лып­ жал­ға­са­ береді.

Ұлы ақынның өзіне ерекше ұнап,­ қолайына жаққан, өнерпаз тұл­ға­лар­дың­ бірі – Әлмағамбет Қапсалямұлы. «Абай жолы» роман-эпопеясының көрнекті кейіпкерлерінің бірі. Мұх­тар­­ Әу­­е­­­зов­ Әл­ма­ғам­бет­ті­ жақ­сы­ біл­­­ген.­­­ Та­­­ныс,­­­ сыр­­лас,­­ та­лай­ рет­ дәм­­­дес,­­­ мә­­жі­­ліс­­тес­ болғандықтан, Аб­ай­­дың­­ өз­­ ба­ла­ла­ры Ақылбай, Ма­ғау­­ия,­­ Әб­іш­тердің қатарында, со­лар­­ға­­ қа­тыс­ты оқиғалар ішіне үнемі қа­тыс­ты­рып,­ көр­се­тіп,­ суреттеп оты­ра­ды.­ Құнды деректердің бірі «Қа­зақ­ ті­лі»­ га­зе­тінің­ 1924 жылғы 27 жел­тоқ­сан­да­ғы­ №­131­ са­нын­да­ «Біл­ді­ру» атты құ­лақ­тан­ды­ру­ ма­­қа­­ла­­да­ жа­р­ия­лан­ған. «Осы жы­лы­ 29 декабрьде Луначар клубында қа­зақ­тың­ бай­тақ­ да­ла­сын­­да­­ өт­кен­ ат­ақ­ты­ сыр­шыл ақын Абай (Ибрагим)­ Құ­­нан­­­бай­­­ұлы­­ның­ дү­ние­ден­ өт­ке­ні­не ­20­­ жыл толғанын еске түсіру үшін Се­­мей­­дің­­ «географический общес­тво­­­сы»­ құрметтеп, ескерткіш ке­­­шін­­ жа­­­сай­­­ды»­­ де­­лін­­ген­ онда. Кеште­­ Аб­ай­­дың­­ ән­­де­­рі­­ орындалатыны айтылып, Әміре, Әлмағамбет әншілердің ес­ім­де­рі­ аталады.

(66 баллов)