Абай Кунанбаевтын балалык шагы туралы? срочно пж))

0 голосов
257 просмотров

Абай Кунанбаевтын балалык шагы туралы? срочно пж))


Қазақ тiлi (16 баллов) | 257 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қазақтың ұлы акыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде,, туған. Шыққан ортасы — аукатты, Тобықты руының белгілі ел билеушілері бол-ған. Әкесі Құнанбай кезін-де болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған. Ал, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай — өз заманының атақты билері.
Кұнанбайдан — Құдайберді, Тәңірберді (Тэкежан), Абай, Ысқак, Оспан, Қалиолла (жас кезінде өлген), Ысмағұл деген жеті балатуған. Солардын ішінде Абай жас кезінен-акерекше көзге түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген| Сырт көзге мо-мын және сөзге иланғыш, аңқау Абай жас кезінен өлең, әңгі-меге әуес болады, ертегі-аңыздарды құмарта тындайды. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі-аңыздар — Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері.
Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабул-Жаппардың, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде оқи-ды. Болашак ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағүрлым үздік оқыған. Мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілдерін үйренеді, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жүмсайды. Шығыстың калассик акындары: Низами, Сағди, Хафиз, Фзули шығармаларымен, ертегі, дастан қиссаларымен Абай осы кезде танысқан. Балалық шағындағы өлең жазамын деген талабын:
Фзули, Шәмси, Сәйхали, 
Науаи, Сағди, Фирдауси, 
Хожа Хафиз-бу һаммәси, 
Мәдәт бер я шағири фәрияд! —
деп, Шығыс ақындарыма сиынудан бастауы да Абайдың оларға деген сол кезйегі ынтасынбайқатады. Медреседегі діни уағыз-дармен шектеліп қалмай, араб, парсы, түркі тілдерін игеру арқылы шығыс клас-сиктерін оқып-үйренуге жетуі — Абайдың аса зор табысы.

(81 баллов)