Атам, әкем, анам әрдайым дастархан басында бірге отырып ас ішеді. Дастарханға анам ұлттық тағамдарды қояды. Барлық тағамдарды өзі дайындайды. Қазы-қарта, құрт, ірмішік. Нанды өзі жабады, бауырсақ пісіреді. Өздеріңіз көріп отырғандай ағаштан жасалған ыдыс, қасықтарды қолданады. Бешбармақ, қуырдақ бәрін дәмді әзірлейді. Жаңа сауылған саумал денсаулыққа пайдалы дейді.