Ежелгы дауыр адебиеты казак халкына ортак мура шыгарма керек

0 голосов
172 просмотров

Ежелгы дауыр адебиеты казак халкына ортак мура шыгарма керек


Қазақ тiлi (148 баллов) | 172 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ежелгі түркілер тек қана шаруа­шылы­ғымен ғана айналысып, көшіп-қонып жүре бермеген, елінің еркін өмірін қорғаймын деп, қайқы қылы­шымен дұшпандарының жүрегін ұшырып, қатыгездігімен, жауынгер­лігімен ғана аты шықпаған, сонымен бірге кең далада мәдениет пен ғылым­ның орталығы болған үлкен-үлкен қалалар салып, әлемдік өркениеттің дамуына өзіндік мол үлесін қосқан екен. Бұрындары түркі халықтары көшпелі өмір сүріп, дамымай қалған жабайы халық делінсе, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, арасынан әл-Фарабидей ұлылар шыққан, есте жоқ ерте кездерден-ақ білімі, ғылымы, мәдениеті дамыған, бір кездерде қо­ғам­дық дамудың көшін бастап, адамзат қоғамының жетіле түсуіне айтар­лық­тай үлес қосқандығы жайлы мойындала бастады. Ал адам бала­сы­ның рухани жағынан дамуында шешуші рөл атқаратын әдебиет болса, түркі халық­тарының ерте кездерде жасаған мәдени мұрасының аса бай болғандығына бүгінгі күні көзіміз жетіп отыр. Әсіресе, түр­кі халықтарының тұрмыс-тіршілі­гіне орай жасалынған көшпенділер мәдениеті бұл күндері өзіне теңдесі жоқ қоғамдық-мәдени құбылыс ре­тінде бағалануда.

(289 баллов)