Ойнай бiлген адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды
мергендiкке, ептiлiкке баулиды. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып,
денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi.
Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке,
ұстамдылық пен сабырлылыққа тәрбиелейді. Шетелден келген қымбат дәрі-дәрмекті
сатып алғанша, балаға әр күні бір сағатты бөліп асық ойнатса, баланың жүйке жүйесі
ауруынан айығатын болады. Бұл ойынды ойнаған бала топпен жұмыс істеуді үйренеді
және де топтан озып шығу қабілетіне ие болады. Іске епті, жауапкершілігі мол
жұмыскер шығады. Асық ойнағанда адамның тек екі қолы емес, ойлау мүшелерінен
бастап, иығы, аяғы, барлық бұлшық еттері қимылдайды. Онда йога мен биде
қолданылатын позициялар қолданылады. Фитнес орталықтарына ақша төлеп барғанша,
тегін аулада асық ойнаған пайдалырақ. Күнде компьютер алдында отырып, буыны
былжырап, толудың аз-ақ алдында тұрған адамдарға бір мезгіл асық ойнатса, денелері
құрыштай шынығар еді. Сондай-ақ, баланы бәсекелестікке жетелеп, талаптылыққа
тәрбиелейді.
20-сұрақ. Мәтінге ат қойыңыз.
А. Асық ойнының пайдасы
B. Асық топтық ойын
С. Асық қол ойыны
D. Асық балалар ойыны [1]
21-сұрақ. Сөйлемді толықтырыңыз.
Асық ойнағанда адамның ........ қабілеті дамиды.
А. сөйлеу
B. ойлау
С. жүру
D. тәрбиелеу [1]
22-сұрақ. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
А. Асық ойнағанда бұлшық ет дамиды
B. Асық ойнау денсаулыққа пайдалы.
С. Асық ойнағанда қолдарың дамиды
D. Асықты компьютерде ойнау керек [2]
23-сұрақ. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А. пайдасы, топтық, жауапты;
В. сабырлық, қабілет, жеңімпаз;
С. пайдалы, тәрбие, денсаулық;
Д. асық, ұстамды, пайдалы. [2]
24-сұрақ. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А. Асықты үлкендер ғана ойнайды
B. Асықтың денсаулыққа пайдасы
С. Асықты көп адамдар ойнайды
D. Асықтың бірнеше түрі бар