Жердің жұпар иісін жеті күн ғарышта болған Тоқтар Әубәкіров жетік біледі. Ол жер басып...

0 голосов
115 просмотров

Жердің жұпар иісін жеті күн ғарышта болған Тоқтар Әубәкіров жетік біледі. Ол жер
басып жүрген адамдардың дала иісіне емірене білмейтініне ренжиді. "Ғарышта ғана
түсіндім мына жердің қадірін. Жерге келгенде, жерді сүйдім, жаттым. Жер иісі ерекше
болады екен", - дейді ол.
Қазақ даласының иісін көпшілік аңқыған жусанмен байланыстырады. Кең байтақ
жерімізде бұл өсімдіктің 81 түрі өседі. Енді ғалымдар көк шалғынның жұпар иісін құтыда
сақтауды көздеп отыр. Қазақ даласының иісін осылайша насихаттамақ. Қазір зертханада
бұл жоба бойынша 7 адам жұмыс істеп жатыр. Жусан, жалбыз, арша, жебіршөп,
мыңжапырақ секілді дала шөптерінен осы жерде эфир майларын алады. "Қазақ
даласының хош иісі" жобасының жетекшісі - Ерлан Сүлеймен. Бүгінде мамандар 40
түрлі өсімдіктен эфир майларын бөліп алған. Бұл еңбектерін олар "Қазақ даласының хош
иістері" деген брендпен бекітіп те қойыпты. Алғашқы өнімдерін жыл соңына дейін
шығаруды жоспарлап отыр.
Алыс жолға шыққанда, туған жер топырағын алып жүруді әдетке айналдырған қазақ
баласы енді қазақ даласының иісін де өзімен бірге алып жүруіне болады. Жетпіс жасқа
жеткенде, ғарышқа турист есебінде сапар шексем деп армандайтын Тоқтар ағамыз да
мүмкін дала иісін ала кетер.
34-сұрақ. Мәтінге ат қойыңыз.
А. Жер иісі
B. Хош иіс
С. Дала шөптері
D. Байтақ жер [1]
35-сұрақ. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
А. Алғашқы өнімнің бренді
B. Эфир майын алудың жолы
С. Ғарышкердің арманы
D. Даланың ерекше иісі [2]
36-сұрақ. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
А. Зертханаларда шөптерді зерттеу
B. Туған жердің топырағын сағыну
С. Ғарышқа турист ретінде сапар шегу
D. Түрлі шөптен эфир майын алу [2]
37-сұрақ. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Ғарышкердің әдеті қандай болды?
А. Топырақты өзімен алып жүру
B. Дала шөптерін жинау
С. Эфир майын бөліп алу
D. Ғарышқа сапар шегу


Қазақ тiлi | 115 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

34 а )))
35 д))))
36 д))))
37с )))))
осылай сияқты

(76 баллов)