Шығарма "ежелгі дәуір әдебиеті-түркі халықтарына ортақ мұра"

0 голосов
188 просмотров

Шығарма "ежелгі дәуір әдебиеті-түркі халықтарына ортақ мұра"


Қазақ тiлi (12 баллов) | 188 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ежелгі дәуір әдебиетіне б.з.д. VІІ – б.з. ІХ ғасырды және Х – ХІІ ғасырды қамтитын түрлі әдеби мұралар мен жазба ескерткіштер жатады. Зерттеуші ғалымдар: Х.Сүйіншалиев, А.Қыраубаева, Н.Келімбетов, т.б. ежелгі дәуір әдебиетін төмендегідей дәуірге бөлген.

«Тәңірлік дәуір әдебиеті» – б.з.д. VІІ – б.з. ІХ ғасыр мұралары.

Орта түркі дәуірі – Х – ХІІ ғасыр мұралары – бұл дәуір 2 кезеңнен  тұрады:

1) Қараханид кезеңі; 2) Алтын Орда кезеңі.

Ислам дәуіріндегі әдебиет.

«Алып ер Тұңға» дастаны – б.з.д. VІІ ғасыр мұрасы. Алып ер Тұңға – өте көне заманда өмір сүрген түркілердің көсемі. Алып ер Тұңға қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. Жоқтауда опасыз дүниенің Алып ер Тұңғаны да аямағанын, түркілердің оның қазасына қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны жырда:

Бөрідей жұрт ұлысып,

Айқаймен жаға жыртысып,

Өкірген үнін өшіртіп,

Жылаған көзден жас өрер, –

деген жолдармен берілген.

Алып ер Тұңға ХІ ғасырда Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің «Шахнама» кітабында Тұранның патшасы Афрасияп болып суреттелген.

(289 баллов)