Дәрігерлік – жауапты мамандық. Сондықтан дәрігерлер үнемі білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болып, өз саласында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс. Осы ретте мен медицинаның ең тапшы мамандықтарының бірі – радиология саласында жемісті еңбек етіп, халық алғысына бөленіп жүрген Нұрила Хамытқызының өнегелі істері төңірегінде сөз қозғағанды жөн санадым.
Бас ауырып, балтыр сыздаса дереу дәрігерге жүгінеміз.