Қазақ елі көкке жетті, танылды,
Сен- тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі,-
деп Сағынғали Сейітов жырына қосқандай, 1991 жылы тәуелсіздігін алған халқымыз жиырма жылда көп нәрсеге қолын жеткізді.
Бүгінгі таңда біздің еліміз әлемдік өркениетте өзінің айшықты орнын алған мемлекетке айналды. Қазақстан өзінің экономикалық дамуының жаңа үрдістерімен де сыртқа таңылып, өз ішінде сан ұлттардың ынтымағын жарастырған ел екендігін көрсетіп, саяси тұрақтылықтың арқасында өрелі биіктерге қол созды.