Екі көзі шарасынан шығу – қорқу
Екі қолынан демін алу – болып, жетісіп отыру
Еңбегін сауды – адал күн кешті
Еңсесі құру – сағыну
Ер қаруы – бес қару – қылыш найза, садақ, шоқпар, сойыл – ерлер асынып жүретін қарулар
Ереуіл атқа ер салу – елін қорғануға асыну
Ернін шығарды – мазақтады
Ернінің емеурінін табу – көңілін табу
Есек құрты мұртына түсу – баю
Етек-жеңін жию – есін жию
Етектен алу – кедергі жасау
Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау
Жағадан алу – қылғындыру
Жағасын ұстау – таңдану
Жағы сембеді (тынбады) – көп сөйледі
Жағына пышақ жанығандай – арық
Жайдың атқан тасындай – аса құдіретті, мықты
Жалғанды жалпағынан басу – молшылықта өмір сүру
Жанары кетті – көзінің нұры кетті
Жанды жегідей жеу – қиналу
Жаны зәр түбіне жету – қорқу
Жаны сіріден жаралған екен – мықты
Жанын қоярға жер таппау – әлек болу
Жараның аузын алу – ескі дертті еске түсіру
Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппау
Жауырынан жел өту – азап шегу
Жегенін желкесінен шығару – сазайын беру
Желкесін қасу – қысылу, сасу
Жеме-жемге келгенде – шешуші сәтте
Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты – табан астынан бәле шықты
Жер аяғы қиянда (ит өлген жер, ит арқасы қиянда, жер түбі) – алыс
Жер болу – ұялу
Жер жұту – жоқ болу
Жер қабу – өлу
Жер қаптыру – алдау