Ғаламтор туралы адамдардың пікірлері сан алуан. Олардың қайсы бірін дұрыс санау керектігін білмейсің. Бірақ көбі ғаламторды адамға зиян дейді. Кейбіреулер денсаулыққа зиян десе, енді біруелер ғаламторды тіпті ауру деп санайды. Басқа пікірлер ғаламторды өте керекті санайды. Ғаламтор арқылы қаласаң, өзге тілді үйренесің. Қаласаң, өмірде қажетті түрлі кеңестерді білесің. Қазіргі кезде ғаламтордан қалаған кітабіңді де оқи аласың. Тіпті одан жер бетіндегі жаңалықтарды да оқисың. Ғаламтордың жақсы да, жаман да жақтары көп. Менің ойымша, осының бəрі адамның өз ниетіне байланысты. Пайдаға асырам десең, пайдаға асырасың. Жаман қылықтар үйренем десең, ол да болад. Бірақ бұрыңғы кездерде ғаламтор болмағанымен, өмір қазіргіден қызық болған. Соны ұмытпағанымыз жөн.