Болмасын соғыс,болмасын эссе керек

0 голосов
190 просмотров

Болмасын соғыс,болмасын эссе керек


Қазақ тiлi (130 баллов) | 190 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Соғыс ешкiмге де қуаныш пен күлкi әкелмейдi. Тек қайғы-қасiрет, азап-қиындық…

1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi фашистiк Герма­нияның қарулы әскерi Белорус­сия  жерiне  басып кiредi. Мiне, осылай Ұлы Отан соғысы бас­талыпты. Соғысқа елiмiзден 1 миллионнан астам азамат ат­танып, 800 мыңы қайта оралып, 600 мыңы ерлiгi үшiн түрлi марапатқа ие болған едi.

Соғыс жылдарында мыңдаған концлагерьлер салынып, ондағы адамдардың басым көп­шiлiгi азапталып өлтiрiлген екен. Адамдарды газбен улап, пешке жаққан. Германияға күнделiктi тауарлар қажет бол­ғандықтан, адамдардың шашта­рынан – мата, майынан – са­бын жасаған. Соғыстың осын­дай жан түршiгерлiк әрекетте­рiн кiтап­тан, ардагер ата-аға­лардан естiген едiм.  Соғыстың жалы­ны қазақ жерiн де  шар­пы­ды. Батыс Қазақстаннан 500 шақырым қашықтықтағы Ста­линград түбiнде үлкен ұрыс болған.

Қазiр Жеңiс күнiне барша ха­лық   ерекше  ықыласпен  дайын­­­далуда. Бұл күнге барлық жақсылық жарасады. Бейбiт өмiр үшiн ардагер ата-әже­лерге алғыс айтамыз. Қанды қырғын қайта тумасын. Бiздер, жастар, ғылымда озық, өмiрде тәрбиелi, ұлтжанды  бол­уы­мыз қажет.

(60 баллов)
0

рахмет бақытты бол