Дүниежүзілік көрме (ағылш. World's fair) немесе Экспо (Expo) индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсету үшiн ашық алаң болып табылатын халықаралық көрме.
Бiрiншi дүниежүзілік көрме ЛондондағыГайд-паркте, Альберт ханзаданың бастамасымен өткізілген. Көрменің бас назар аударарлық ғимараты, Джозеф Пакстонның сәулеттік жобасымен таза шыны мен болаттан тұрғызылған Хрусталь сарайы болды.