Ежелгі дәуір əдебиеті VI-XVғасырларды қамтып,өз ішінде үш кезеңге бөлінеді:
1)VI-IX ғасыр аралығындағы көне түркі əдебиет:
Танымал өкілдері:Əбу-Насыр əл-Фараби.
Əдеби мұралары:Орхон жазба ескерткіштері-Күлтегін,Білге қазан,Тоныкөк туралы құлпытастарға қашап жазылған жырлар,сондай-ақ "Оғыз-нама" дастаны, "Қорқыт ата кітабы",Əбу Насыр əл-Фарабидің əдебиет саласындағы еңбектері енеді.
Қысқаша мазмұны:VI-IX ғасыр аралығындағы көне түркі əдеби ескерткіштері.Яғни,көне түркі əдебиет кезеңі.
2)X-XII ғасырлардағы əдебиет.Ислам дəуіріндегі немесе қараханидтер дәуірі əдебиеті.
Танымал өкілдері:Жүсіп Баласағұн,Махмұд Қашқари,Қожа Ахмет Йасауи,Ахмет Иүгінеки.
Əдеби мұралары:Жүсіп Баласағұнның "Құтадғу білік"("Құтты білік") атты дидактикалық дастаны, Махмұд Қашқаридің "Диуани лұғат ат-түрк"("Түркі тілдерінің сөздігі"),Қожа Ахмет Йасауидің "Диуани хикмет"("Даналық кітабы" атты өлеңдер жинағы,Ахмет Иүгінекидің "Хибатул-хақайық"("Ақиқат сыйы") жыр жинағы.
Қысқаша мазмұны:Бұл дәуірдегі əдебиет-негізінен Қараханид түріктерінің тілінде жазылған əдеби ескерткіштер.
3)XIII-XV ғасырлардағы əдебиет.
Танымал өкілдері:Хорезми,Рабғузи,Дүрбек,Сайф Сараий,Құтып, Х. Дулати,Қадырғали Жалайри,З. Бабыр.
Əдеби мұралары:Қыпшақ диалектісі негізінде жазылған "Кодекс Куманикус"("Қыпшақ тілінің сөздігі"),Хорезмидің "Мұхаббат-наме" дастаны,Рабғузидың "Қисса-сул Əнбия" жинағы,Дүрбектің "Жүсіп-Зылиха",Сайф Сараийдің "Гүлістан бит-түркі",Құтыптың "Хұсрау-Шырын" дастандары,Х.Дулатидің "Тарихи Рашиди",Қадырғали Жалайридің "Жамиғ-ат таурих",З. Бабырдың "Бабыр-наме" атты шығармалары аталған дəуір əдебиетінің көрнекті үлгілері.
Қысқаша мазмұны:Хорезм дəуірі немесе Алтын-Орда дəуіріндегі əдебиет.Аталған дəуірдегі туындылар қыпшақ диалектісі негізінде жазылған.