Қария туралы әңгіме керек еді

0 голосов
154 просмотров

Қария туралы әңгіме
керек еді


Қазақ тiлi (322 баллов) | 154 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Қариялар - елдің қазынасы. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев: 

Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етiп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар...

Неменеге жетiстiң, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бiрi мiнiп келместiң кемесiне,
Бiрi күтiп, әнеки, жағада тұр, - деген екен. Қария - даналық көзі. Сөзі мірдің оғындай, ақылы терең, жүрегі кең қариялар қашан да ел мен елдің тыныштығын, ел ішіндегі татулықты сақтай білген. Абай атамыз "Бас-басына би болған өңкей қиқым" демекші, қарты бар ауылдың берекесі, бірліші бар. Себебі елдің ниеті, сөзі, ойы бір болу үшін, елді бастай білетін, елі қостай білетін қариялар дәйім керек. Сондықтан үлкенді сыйлап, сөзіне еру елді алауыздықтан сақтап, тыныштық орнауына сеп болады. Ақылы дария қариялардың көкірегі толы өсиет болмақ. Көргені көп адамдардың ақылын тыңдап, сөзін санаға түйіп жүргеннен ешкім жаман болмас. 

"Қарты бар үйдің қазынасы бар", - дейді дана халқым. Мен оған "Қарты бар елдің бақ-берекесі бар" деп қосар едім.

(1.2k баллов)
0 голосов

Ya natural
yes nice tvoya mama soset i kurit spice

(55 баллов)