Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әлі (5 қаңтар 1935 жыл, Жымпиты, Орал облысы - 24 қаңтар 2011 жыл, Алматы) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.[1]
1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған.«Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі«Балауса» баспасының редакторыҚазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі.[2]Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.