Менің дана замандастарын.** эту тему составить сочинение ** казахском языке, хотя бы в 5...

0 голосов
83 просмотров

Менің дана замандастарын.

На эту тему составить сочинение на казахском языке, хотя бы в 5 предложений.


Қазақ тiлi (47 баллов) | 83 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Қолыма қалам алған сәтте, «тақырып бірдей болғандықтан мазмұны өзіммен замандас буынның жазғанымен ұқсас болатын шығар» деген қобалжу болды. Олай дейтінім бәріміз: «әуелі терең біліммен қарулануымыз керек» дегеннен бастаймыз. Сол арқылы мақсатымызға қол жеткізуді көздейміз. Иә, байқауға ниет білдірген көп жастың жұмысы алдымен осы қалыпты түсінік бойынша жазылады. Алайда ол барлығының айтары бір, тың дүние кездеспейді деген сөз емес. Бірінші қатарға білімді қоятынымыз парасатты, білімі жетік ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі. Мақсаттымыздың бірдей болып көрінуі – Отанымыз ортақ. Сондықтан жүрегі мен тілегі бір, әрдайым алда болуға ұмтылатын ұрпақ бола алсақ нұр үстіне нұр ғана!
Ақыры санамды сенделткен сұрақтардың жауабын тауып, арманым жайлы ойлай бастаған едім, қаламыма қанат біткендей болды. Эссенің арқауы арман болған соң дәл солай «Асқақ арман» деп атадым. Елбасының кестелі сөздері жинақталған «Ақыл – парасат кітабына» үңіліп отырып мына бір айтқанын жаныма жақын тарттым: «Бүгінгі заманда өзінің асқақ арманына тек жаңаша ойлайтын, ерік-жігері мол, өзіне сенімді адамдар ғана қол жеткізе алады.» Шығармамның атауына лайық келіп, өзіме ерекше жігер беретін тіркестер болғандықтан осы сөздерімен бастадым.
Дана бабамыз әл-Фараби «Ғаламда әр адамның өз орны» бар деген екен. Жаратылыстың шындығы да осы. Кеше мен бүгін және ертең жұмыр жер бетінде тіршілік кешетін жанның әрқайсысының өз мәні мен орны, атқарар ісі мен қалдырар ізі болмақ. Өзіміз емес, соңымыздан қалатын дүние мәңгілік. Әр адам сол өзі өмір сүрген ортаға пайдалы қызмет етіп, өзінің әлеуеті деңгейінде қолынан келгенше ел дамуы мен жаңғыруына үлес қосуы керек. Өз тағдырын ел мүддесімен еселеуі тиіс. Ал ол үшін…
Ең алдымен, өмір алаңындағы өзіңнің орныңды дәл таба білуің шарт. Сонда ғана, яғни өз орнында отырған адам қашанда адамзат баласына, туған халқына, отбасына мейлінше пайдалы іс атқара алады

(112 баллов)
0

Огромное спасибо!