Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - Ғаламтор. Адамзаттың интелектуальдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз. Ал ғаламторды қолдану барысында барлық адамдардың өмір сүру аймағында қазір күдік тудырмайды. Өз мүмкіншілігінде ғаламтор философиялық дисциплина және философияның ғылыми жұмыстарын зерттейді. Ғаламтор - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Ғаламтор деп санар едім. Осынау жылдар ішінде біз ғаламтордан көптеген мағлұматтар алдық. Бұл ғаламторды ашқан ғалымдар да ел тарихында елеулі із қалдырған ірі тұлғалар болды. Ғаламтордың пайдасы мен зиянын зерттеу, білу, оны өзімізге болашақ жастарға өнеге ету, осы еңбектің, яғни зерттеу жұмысының басты мақсаты деп білемін.