1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңдар. Ин¬тернет Жер шарында орналасқан басқа...

0 голосов
103 просмотров

1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңдар. Ин¬тернет Жер шарында орналасқан басқа компьютермен жылдам байланыстыратын... торап.
A. қалалық
B. дүниежүзілік
C. аудандық
D. аймақтық
2. Төменде берілген қатардағының қайсысы Интер¬нет мүмкіндігіне сәйкес келмейді?
A. түрлі тауарларды сатып алуға болады
B. тұрғын үй салуға болады
C. ұшақ, пойыз билеттеріне тапсырыс беруге болады
D. мәтіндерді аударуға болады
3. Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге не қажет?
A. компьютерлік үстел
B. модем
C. сайт
D. телефон желісі
4. Интернет қайда пайда болды?
A. Еуропада
B. Ресейде
C. Францияда
D. АҚШ-та
5. Интернет алғаш қандай мақсатпен құрылған?
A. хабар алысу үшін
B. ұшақ, пойыз билеттеріне тапсырыс беру үшін
C. әскери зерттеулер үшін
D. мәтіндерді аудару үшін
6. Интернетті пайдаланушылар не іздейді?
A. ақпарат
B. үй
C. сайт
D. жұмыс
7. Интернет дүкеннің қызметін табыңдар.
А. әзге адамдармен танысатын сайт
В. ауа райы туралы хабар беретін сайт
C. тауарды не қызметті жарнамалайтын сайт
D. әскери қызметтер туралы хабар беретін сайт
8. Интернет дүкендерінде есептесудің ең ыңғайлы тәсілін табыңдар.
A. пластикалық карта арқылы
B. банк көмегімен
C. пошта аударымдары арқылы
D. электрондық ақша
9. Соңғы жылдары қандай есептесу жақсы дамып келеді?
A. пластикалық карта арқылы
B. банк көмегімен
C. пошта аударымдары арқылы
D. электрондық ақша
10. Ұйымдар мен жеке тұлғаларға Интернет қызметтерін ұсынатын компания қалай аталады?
A. АҚШ қорғаныс министрлігі
B. телефон желісі
C. провайдер
D. электрондық сайт
11. Интернационалдық термин сөзді табыңдар.
A. теледидар
B. глобус
C. ғарыш
D. анықтауыш


Қазақ тiлi | 103 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов










10д
11с

(32 баллов)