Əр оқушы ең керемет əрі ең ғажап мектеп туралы армандайды, бірақ, əркімге əртүрлі ой келеді. Сонымен, менің арманымдағы мектеп қандай екен?
Біріншіден, менің арманымдағы мектепте сынып бөлмелері үлкен, қоңырау кезінде жүгіріп ойнауға ыңғайлы.
Екіншіден, менің арманымдағы мектеп соңғы техника үлгісі бойынша салыгған: маған ауыр кітаптарды əрі-бері тасып қажет емес, оның бəрі планшетке жүктелген, жасыл тақта электронды тақтаға ауысты, оған арнайы қаламмен сурет салуға болады, сонымен қатар менде арнайы карточка бар, ол арқылы мен асханаға кіре аламын, əрі мектепке кіріп, компбьютермен жұмыс істей аламын.
Үшіншіден, бұл мектепте міндетті түрде үлкен спорт залы болады, оның ішінен əркім өзіне ұнаған нəрсесімен айналыса алады. Теннис, волейбол, секіртпелер, футбол, шаңғы тебу, скейтборд-маңызды емес, оқкшы нені таңдаса, дене тəрбиесі пəнінің мұғалімі оны қолдайды жəне кеңестерін береді.
Төртіншіден, əр оқушы өзіне ұнаған пəнін таңдай алады, яғни, өз өміріне қажетті сабақтарды оқиды. Сонымен қатар, менің арманымдағы мектепте жаңа пəндер болады: кулинария, адамдармен дұрыс қарым-қатвнас жасай білу сабақтары, автокөлік курстары, техникалық курстар жəне фантазия сабағы. Ең соңғы сабақта ұстаздар оқушылардың қиялын арттырады, өйткені, кейбір ересектерде ондай жоқ. Қанат жасау болсын, əлемдегі ең дəмді бəлңш жасау болсын, бəрі-бəрі айтылады!
Мен əр мектепте əр оқушының ешкім білмейтін таланттарын ашқанын қалаймын, сонда ғана оның болашақта өзіне лайықты мамандығы табылады!