Шығарма ** тему "көрші елдермен достықта,татулықта болу-Бұқар жырының өзекті тақырыбы"...

0 голосов
132 просмотров

Шығарма на тему "көрші елдермен достықта,татулықта болу-Бұқар жырының өзекті тақырыбы"
мин одна страница


Қазақ тiлi (20 баллов) | 132 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Азамат ердің баласы,
Атадан алтау тумас па?
Атадан алтау туғанмен,
Ішінде оның біреуі,
Арыстаны болмас па?
-дейді ол.
Бұхар өлеңдері тұспал нақылдарға құрылған шешендік үлгісін танытатын мәнді тшығармалар:
Етекті кесіп жең болмас,
Ежелгі дұшпан ел болмас.
Қара қойдың терісін,
Сабындап жусаң ағармас.
Қараша торғай қаз болмас,
Шағала келмей жаз болмас.
Шаңқан болмай,боз болмас
Іштен қыңыр туғандар,
Тезге салса түзелмес.
Ежелгі дос жау болмас.
-деп жырау табиғи құбылыстарға адам өмірінің заңдылықтарын салыстыра мәнді ой толғайды. Оның бұл сияқты афоризмдерге толы мәтелдері, шешендік үлгісіндегі сөздері әрі шебер, әрі терең мағыналы:
Қатын алма төреден.
Қатын алсаң төреден,
Еркегі болар жау жанды,
Ұрғашысы мал жанды.
Төре берер ұл туса
Аузы кетпес парадан.
Жыраудың нақылдары ішінде бұрын баспа бетін көрмеген мына жолдары бар:
Ақсаған құлан қадірін,
Айдалада қақ білер.
Төс айылдың батқанын
Иесі білмес, ат білер.
Ер жігіттің қадірін,
Ағайын білмес, жат білер.
Жорық жолы болуын
Қария білмес, сәт білер.
Халық мәтелдері стилінде келетін жыраудың бұл нақылдары да өмір тәжірбиелеріне негізделген, ақынның өз тұсында үстем болған салт-санаға сай толғап, тақпақтай сөйлеу өнеріне жетік шешен ьолғанын танытады.
Бұхар өлеңдерінің кейбіркулерінақыл терме түрінде келеді:
Жал, құйрыға қаба деп,
Жабыдан айғыр саплмаңыз!
Қалың малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз!
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас.
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас.
-деген афоризмге толы жыр жолдарынан жырау ойының нақты дәлдігімен қатар тура жолды көрсеткен өмірлік бағытын байқаймыз.
Жырау ойды тереңнен меңзейді. Не жақсы, не жаман, өмірде қайтпек керек, қайтсек істеген ісіміз жақсылық болмақ деген сұрауларға жауап беруде оның өзіндік соқрағы бар. Қай мәселені көтере де сара жол, ақиқатын ашып береді. Адами болмыстың биік шыңына жетудің бағытые көрсетеді. Мысалы:
Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса үй кетер.
Жатқа тізгін бермеңіз,
Жаламенен бас ктер.
Жаманмен жолда болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айырылмасқа серт етер.
-деген толғауы осының айғағы.
Бұхар өмір сүрген дәуір- қазақ даласында жоңғар шапқыншылығының күшейіп тұрған тұсы. Ел ішінде алауыздық белең алып, ханнн қайыр, қарадан ынсап кеткен, Бұхар сөзімен айтқанда:
Ай заман-ай, заман-ай,
Түсті мынау тұман-ай,
Істің бәрі күмән-ай
-болған заман. Елден береке кеткенде діннің де мешеу тартатын тұсы. «Ораза, намаз тоқтықта» дегенді ту етіп ұстаған қазақ халқы үшін аласапыран заманда діннің де керегі шамалы екенін аңғару қиын емес. Ал діннің халық рухы үшін қаншалықты қажеттілігі бар екенін түсінген Бұхарға діннен ауытқи бастаған халықтың қаракеті құрдымға кетумен бірдей. Сондықтан ол:
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Ер щұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа .
Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкіліксіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз,
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытта бес намаз,
Біреуі қаза болмасқа.
-деп хақтың жолында пенделіктің көмескіленіп, рухани тазаруға жол ашылатынын, ал рухани тазалықтың төрінде тек жақсылыққа жол берілетінін жырау тұспалдап танытады.
Абылай тұсындағы тынмсыз жорықтардың ел берекесін кетіріп жатқан кезеңінде ханға айтқан жырау ақылдарының ең тиімдісі- қазақтың өзара бірлігін сақтауға, одан кейін көрші елдермен алыс-беріс жасап, жауласпай тату өмір сүруге үндеу болса керек:
Өлетұғын тай үшін,
Қалатұғын сай үшін,
Қылмаңдар жанжал, ерегіс
-деп, ол мал немесе жер үшін өзара жанжалдасуға қарсы шығады. Ағайыншылық-татулық-елді берекелі ететін ең қажет нәсре деп біледі.
Мұсылманның баласы,
Сірә, бір кеңес құрыңыз,
Бірауызды болыңыз!
Ақын бірауызды, ынтымағы күшті елді осылай армандап, сондай елдің ғана болашағы мол олатындығына сенім білдіреді. «Ағайын тату болса, жат жанынан түңілер» деген халық мәтелін қоштай сөйлеп, ол тату-тәтті өмірді аңсайды:

(30 баллов)