Мақал-мәтелдерді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар. 1.Күлме досыңа-келер басыңа. 2.Жаман...

0 голосов
230 просмотров

Мақал-мәтелдерді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар.
1.Күлме досыңа-келер басыңа.
2.Жаман жолдастан таяғым артық.
3.Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
4.Жолдасы көптің-олжасы көп.
5.Татулық-табылмас бақыт.
6.Досы жоқ адам-тұзы жоқ тағам.


Қазақ тiлi (117 баллов) | 230 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

1. Біреудің кемшілігіне күлмеу керек, ондай жағдай өзінде болуы да мүмкін.
2. Жаман жолдастың еш көмегі, пайдасы болмайтындығы туралы.
3. Досы көп адамның сырын бөлісетін достары бар, онымен тек сыйласып жүрсең болатындығын, ал досы аз адамға сырласатын адам керек, сондықтан досы азбен өз сырыңмен бөліс деген. 
4. Жолдасың көп болса, олардың әрбір жетістектері сенің де жетістігің болатындығы туралы.
5. Тату болса береке, ырыс, бақыт сол жерде.
6. Досы жоқ болса адамға  қиын, оған өзін түсінетін дос керек. 

(126k баллов)