Пожалуйста помогите я ищу текст "Дала" 7 класс (диктант) казахский язык

0 голосов
49 просмотров

Пожалуйста помогите я ищу текст "Дала" 7 класс (диктант) казахский язык


Қазақ тiлi (46 баллов) | 49 просмотров
0

Пожалуйста

Дан 1 ответ
0 голосов

                                     Дала
Дала шіркін, кең пейіл, аңқылдаған мырза жігіттей бүкпесі жоқ, ашық-жарқын-ау! Айнала тып-тыныш, тосын дыбыс құлаққа шалынбайды. Далада не шу болсын. Ұшқан құстың шырылы, жазық төсін еркін аралаған ерке желдің сусылы, ақ селеу, көде, ақ шидің әлсіз сылдыры шу болып па?
Ақ дала сұлқ түсіп,монтиып, бұйығып жатыр. Бірақ осының бәрі бір қарауға ғана. Шырқау биікте шаншылып қалықтап қыран жүр. Оның кең дүниені шолуы тегін емес. Даланың иесіз, тыныш жатуы алдамшы нәрсе. Тып-тыныш мүлгіп жатқан алуан өмірде, алып дүниеде қаптаған тіршілік бар. Қыранның қалықтауы тегін болмаған  ғой.
Дала сыртынан тыныш көрінгенімен, жайбарақат жатқан дүние жоқ.  Қыран көзінен дала төсінде қыбырлаған қалт кетпейді. Төмен қарай тастай құлдырап, шүйіле жөнелді. Ендеше даланың тыныш жатқаны бекер болды ғой. (123 сөз.)

(5.5k баллов)