Шығарма жазып беріңізші анамның тілі ай күнім менің

0 голосов
325 просмотров

Шығарма жазып беріңізші анамның тілі ай күнім менің


Қазақ тiлi (12 баллов) | 325 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен
тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз
болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек,
тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең
ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің
мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады.
Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен
тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ
қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті
сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен
кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын,
адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына
айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз
болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген
Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың
аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық
қозғалыс соның айғағы.

(339 баллов)
0 голосов

ГОС-па? менде 8 шығарма бар? шығармаларды ауыстырғын келеді ма?

(14 баллов)