"Дала қоңырауы" сочинение Ыбырай Алтынсарин

0 голосов
148 просмотров

"Дала қоңырауы" сочинение Ыбырай Алтынсарин


Қазақ тiлi (24 баллов) | 148 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Адамның бала күннен армандап, аңсары ауған бір саласы, яғни ма­ман­дығы болады. Ол өзін соған ба­ғыт­тап, білім-білігін жұмсайды. Сон­­дай ма­ман­дықтың бірі ұстаз болу. Әу баста ниет білдірген жас талаптың бар­лы­ғы дерлік оның тұтқасын ұстап кете алмайды. Оған себеп біріншіден, аяу­лы да ардақты мамандықтың адам көзін ашудағы қиын тұстарына төтеп бере алмауы болса, екіншіден, аса табанды­лық­тың кем болуы дер едік. Өз басым осы қиындықтарды жеңдім деп ойлаймын. Сөйтіп ұстаз бол­дым. Бұл жолды таңдап, ғұмы­рымды бер­ген аяулы мамандық иесі бо­лып, зейнетке шыққан маған оған бет бұруы­ма сөз жоқ, тұңғыш ағар­ту­шы Ыбы­рай Алтынсариннің ұр­пақ­қа қал­дыр­ған тәлім-тәрбиеге то­лы өсиет­тері мен ғибратты мысал­дарына сусындауым­ның әсері мол болды десем, жаңсақ­тық бола қой­мас. Оған мен бітірген, мен ғана емес қазақтың менмін деген талай марқасқалары білім алған ұлы ұс­таздың өз қолымен тұрғызған білім ошағын қоссаңыз, мұғалім болуым­­ның заңдылық екенін айт­пай-ақ тү­сі­несіз. Осы тұрғыда ұлы ағар­тушы тұрғызған мектептің тү­ле­гі ретінде және сол бабамыздың биыл туғаны­на 170 жыл толуына орай мектеп тарихы мен тұңғыш дала қоңы­рауы иесінің мектептер ашуы жайын­дағы аз-кем білгенімді оқырман­мен бөліссем деп отырмын

(22 баллов)