Нағашы немесе нағашы жұрт[— туыстық атау. Шешесінің төркіні балаларына нағашы болады. Әже төркіні немересіне түп нағашы делінеді.
Қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша нағашы мен жиен арасындағы қарым-қатынастың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар бірін-бірі күндемейді, араларында бақталастық, қызғаныш болмайды, өзара әзілдесіп қалжыңдасады. “Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды” деп, жиендерін барынша еркелетеді.