Задай вопрос из школьного предмета
VikaLyiskdddcu
1-4 Қазақ тiлi 5+3 б
ПЕРЕВЕДИТЕ СРООООЧНО НА РУССКИЙ
Қызыл бет
Қыстың аты қыс...Қантар айы қақап тұр. Тапжылмастан екі-үш сағат отырып, үйге берілген сабақтарын таптұйнақтай ррындаған Нұрболдың далаға шыққысы келді. Таңертең жұмысқа кетерде әке-шешесі "үйде отыр, ойынға барамын деп беті-қолыңды үсітесің" деп құлағына құйған. Сексендегі әжесіне де қайта-қайта тапсырған.
Нұрболдың іші пысты. Сыртта аяз брлса да, шығып ойнағысы келді."Әжемді қалай көндірсем екен?" деп уайымдады.
-Әже, Жанғалидың үйіне барайын деп едім...
-А-а, не дейсің?
-Досымның үйіне барып келейін...
-От жағамын дейсің бе?
Әжесінің құлағы мүкіс. Қатты айғайламасаң естімейді.
-Иә, далаға шығамын...Ойнаймын,-деді Нұрбол дауысын әдейі бәсеңдетіп.
-Өзің біл...
Нұрбол жылы киініп, шанасын сүйпетіп, үйлеріне тақау тұстағы төбеге жетті. Өзімен тетелес үш-төрт бала жарыса сырғанақ тепті.
Қас қарая үйге жеткен Нұрболды есік аузында анасы қарсы алды.
-Қайда жүрсің, жүгірмек! Пеш жағамын деп әжеңді алдап...Шыныңды айтпайсың ба?
Анасы жалма-жан бетін ұстап көріп еді, терісі үлбіреп тұр. Үсітіп алыпты. Шешесі суық сумен жуып, қаздың майын шылқыта жақты