Маленький реферат ** тему ювелирное искуства казахского народа ** казахском языке

0 голосов
78 просмотров

Маленький реферат на тему ювелирное искуства казахского народа на казахском языке


Қазақ тiлi (25 баллов) | 78 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Шығыс Қазақстандағы археологиялық олжалар өткен заман зергерлерінің  асқан шеберліктерін паш етеді.  Мысалы, Алматы облысы, Есік қаласында табылған қалыптау, ойма, батырма, көз салу техникасында орындалған әйгілі Шілікті бұйымдары (б.д.д. 7 – 6 ғ.ғ.), киім-кешегі жануарлар бейнеленген алтын жалпақ қаңылтыр белгімен сәндендірілген (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.) ертедегі жауынгер («Алтын жауынгер») жерленген бірегей комплекс.  Өздерінен кейін «хайуанаттар стилінің» (б.д.д.  ІҮ ғ.) тамаша үлгілерін қалдырған ертедегі берелдік шеберлер өз өнерлерімен таңқалдырады. Зевакино, Ақмер, Құлажорға, Славянка, Юпитер, Пчела селоларының маңындағы зираттардан  әдемі ат әбзелдері, үзеңгі және белдік жиынтықтары табылған.Қазақ халқының зергерлік өнері ерте замандағы шеберлердің дәстүрлерін жалғастыруда. Ол этнос мәдениетін құрайтын маңызды бөліктердің бірі Зергер жасайтын бұйымдардың түр-түрі бай болған: бұған әйелдер әшекейлері, киімге арналған заттар, дене тазалығының жабдықтары, асқа байланысты құралдар, киіз үйдің ағаш бөлшектерін сәндендіруге арналған белгілер, жиһаздар, ағаш және былғары ыдыстар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, ат әбзелдері енеді. Материал ретінде алтын, күміс, асыл тастар, інжу, маржан, түрлі-түсті шынылар  пайдаланылған. Зергерлердің басты өнімдері қоғамның барлық жіктері арасында үлкен сұранысқа ие болған әйелдердің зергерлік әшекейлері болған,  бұдан эстетикалық табиғатына ғана емес, сонымен бірге салт-санаға, дәстүрге, барлық идеялық-діни кешендерге байланысты бірқатар функциялық мән-мағынасы  айқын танылған.болып табылады.

(140 баллов)