Мен көп қабатты үйде тұрамын. Біздің подъезімізге қарлығаштар көктемде ұя салды. Олар ұяларын бір талдап тасып әдемілеп жасады. Онан соң балапандарын басып, оларды тамақтандырды, өсірді. Ұшуға баулып, салқын түскенде басқа жаққа бәрі ұшып кетті. Олардың әрекетіне, еңбегіне, балапандарына деген қамқорлығына таң қалдым.