Табиғатты қорғау- біздің парызымыз
Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген.
Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар.
Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады.
Шалғайын шалқар маушыған
Бұлт келді, көктем кір кетті.
Топырлап ұрған тамшыдан,
Топырақ иісі бұрқ етті.
Шілде мен тамыз пышаны
Шаң ғана болса,
Қалдырма
Терезелер құшағын
Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр.
Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді.
Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады . Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау, табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт бағдарды болжаған. Табиғат біздің сыраушымыз,байлығымыз,күнделікті тынығатын сарайымыз. Табиғат –адамның еңбегінсіз,адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. Өйткені адам баласы табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп, жетілген.Қажетін алып, өз пайдасына жаратқан. Табиғат –ырыздықтың,ырыс пен мол қазынаның кайнар көзі , адам денсаулығының сенімді сақинасы. Ұрпақтан –ұрпаққа мол мұра ретінде калушы.Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен немесе өсімдіктің тамырынан халық емшілері дәрі – дәрмектер жасаган сонымен қатар адам ағзасына дәрінің септігін тиерін анықтаған.Табиғаттың сырын білмей, қалай болса солай пайдалану ойға қонымсыз. Өйткені оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен , аса зор мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат – сөз жетпес сұлулық , баға жетпес қазына,көз тоймайтын әсемдік ,айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап,ластануда соның салдарынан адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда . Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған гүлге,мәуелеп тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. «Бір тал кессең , он тал ек» демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал,жасыл желек. Егер осы мәселе қаралмай кала берсе төңірек азып кетеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» жарлығы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде «Экологиялық білім мен тәрбие беру»тұжырымдамасы экологиялық білім беру бағыттарына арналады. Бұл бағыттар мектептегі тәрбие жұмысына еніп, біз ауыл көшелерінің тазалығын сақтауға өз үлесімізді қосамыз. Салауатты өмір салтын ұстану аясында адамның қоршаған ортасы таза болуы шарт.Табиғаттың қорғаны жас ұрпақ - біз.Табиғат адамның бойына қуат, өзіне шабыт беруші.Табиғат біз киетін киімді,оқитын кітапты,тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын бәрін де табиғаттан аламыз.Өлкелерді көгалдандыру жұмысы жүргізілсе деймін.Экологияы және адам өмірін бірдей сақтау үшін тезірек әрекет ету керек. Адамның ағзасын нашарлауы шаң-тозаң,қатты суық және ыстық желдерден ,микробтар,түтін, улы газдар мен бактериялардан бастау алады. Мен өзімнің туған өлкеме қарағай т.б ағаш түрлерін ексе екен деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты қорғауымыз керек.