Помогите мне пожалуста перевести рассказ по казахской литературе Әнші. На русский.Хуть половину.Пожалуйста.
Хорымыз жамырап жақсы шықпады...
Рахымбек декламациясын жақсы айтты. Скрипкаға ән қосқан он екі жасар Мәржім тамаша соқты. Қайта-қайта шақырып, залды дүрсілдетті. Өзі тіленіп шыққан студент бикешіміз «Жалғыз шалды» бастағаннан міңгірлеп, «қаттырақ, қаттырақ» дегізіп еді, орта кезіне барғанда, төбеге ұрғандай тұрып қалды. Қағазына қарап, кәне таба алсыншы! «Қайт, қайт!» — дейміз. Тыңдамайды. Өзі де қылаң кісі емес еді, әлден уақытта бітіріп, өрт сөндіргендей қап-қара болып, сахнаның артына жоқ болды.
Бірақ «әбиірді ақша отау жауып», кейінгілер сүрінбей шықты. Әсіресе жұртты сүйіндірген Әмірқан болды.
Қазақ ішіндегі жиын, тойда айтқаны болмаса, Әмірқан театрда ән салып көрген жоқ екен.
«Жұртқа тәжім етесің, домбыраңды көп күйлеп жалықтырмайсың, сыпайы жүріп тұрасың» деп тапсырғамыз. Әмірқан оның бірін де істеген жоқ. Жайдағысындай іркілместен тайтаңдай басып барды да намазды тізе басқан кісіше, белуарына шейін еңкейді. Сөйтті де шалқайып отыра кетті.
Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады. Өзге шығушылардан Әмірқанның киімі де, түрі де, жүріс-тұрысы да жат еді, қазақтың еркіндігін еске түсіруші еді.
Домбырасын күйлеп, екпіндетіп бір-екі сарындатып алды да, айқайға басты.
Зал тым-тырыс болды...
Топ көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен. Бұрынғы дауысы астар болмай қалды. Зал жаңғырып, күңгірлеп кетті
Бұ жолы Әмірқан басқа әнге салды.
Бір-бірін қиып кете алмай, мұратына жете алмай, қош айтысқан жарға ұсап, жалғызынан айрылып, қанатынан қайырылып, зарлаған бейне жанға ұсап, болмаса жылап егілген, көзден жасы төгілген, бейне бір қайғы-зарға ұсап, өкінішті, өксікті, қасіретті, мұңды әнді сарнады. Жұрт төмен қарап, әркім жүрегімен сырласқандай, әншінің бітіргенін де сезбей қалды. Кенет тым-тырыс бола қалды да, шапалақ қайта соғылды.
Пожалуста помогите прошуу.