Домбыра — қазақ халқының
ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар
өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш
эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау,
термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма –
күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді
сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды
орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.