Нужен перевод
Түнде тушпен жазылған үлкен ақ қағаздағы хабарландыруды ертеңгiсiн үлкен залдың шыға берiсiне iлдiм. Тiлiм жеткенше, күшiмдi салдым. «Құрметтi оқушылар! Спортпен шұғылдану әр баланың мiндетi. Қайратты, күштi болу— денсаулық кепiлi. Олай болса, мектебiмiзде ертең, 22-қыркүйектен бокс үйiрмесi ашылды. Оған 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Ол үшiн жан-жақты медициналық бақылаудан өтуi мiндеттi. Бокс — мықтылар мектебi. Келем деушiлердi кешкi сағат алтыда күтемiз. Үйiрме жетекшiсi Шаймүрат Күлшебайұлы» деп жаздым.