Қазақ халқының өте ерте заманынан келе жатқан көп ішекті аспаптарының бірі. Ежелгі заманында бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң - құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады.