Жаман шындык пен жаксы отрик шыгарма

0 голосов
162 просмотров

Жаман шындык пен жаксы отрик шыгарма


Қазақ тiлi (66 баллов) | 162 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

«Өтірік айтпасқа амалым болмады...» – деген тіркесті саналы жасыңызда тым құрығанда бір рет айтқан шығарсыз. Айтпаған күннің өзінде де, сізге ешкім сене қоймас. Сөйтіп, жалған сөйлеу, өтірік айту, алдау-арбау сынды жағымсыз қасиеттерді бүгінгі тіршілігіміздің ажырамас бір бөлігіне айналдырып алдық та, елу жылда бір рет оның кері жақтарын есімізге түсірер-түсірмес жағдайға жеттік. Бір-бірімізге шетінен, кілең өтірікші болып көрінетініміз де осындайда байқалады-ау. Шыныңды айтсаң да – өтірікшісің, өтірігіңді айтсаң да – өтірікшісің. 

«Өтірікшілер басқа адамдар, олар біз емес», – дейді Иэн Лесли. Мүмкін, әр адамның ішінде өтірікші – егізі өмір сүретін шығар.

Кейде осы ағыңнан жарылып, ішіңдегі бар шыныңды айтып жатқанда сенбейтіндердің күмәнді сұрақтарынан кейін, өз шындығыңнан өзің күмәнданып, біреудің өтірігіне қалай сеніп қалғаныңды да байқамайтын жағдай да болады ғой.

Бір жағынан, «өтірік» – адамның аса дамыған санасының жемісі сияқты. Біздің миымыздың мол мүмкіндігі дем арасында өтірік айтып, сан алуан проблемалық немесе даулы жағдайдан құтылып кетуге мүмкіндік беріп отыр. Әлі күнге дейін сыры толық  ашылмаған  жұмбақ  миымыздың төңірегін­де талай зерттеулер жүргізілді, әлде де жүргізіліп келеді. Мә­селен, Жер бетінде пайда болған алғашқы адамдардың миы бүгінгі адамның миының үштен бір бөлігін ғана құрапты. Сәйкесінше, алғашқы адамдар тіршіліктен хабарсыз, аңқау, санасыз, зердесіз, ақылсыз болды. Ондай жағдайда өтірікті қайдан айтсын? Ал қазіргі адамның миының салмағы мың грамнан екі мың грамға дейін жетеді екен. Алайда, барлық адамдардың миы біркелкі жұмыс істей бермейді. Сондай-ақ, барлық адамдар бірдей өтірік айтпайды және өтірікке алданбайды. Адам санасының дамығаны соншалық, ол көптеген эволюциялық үрдістерден өтіп, өзінің ашкөздігі мен тоғышарлығынан өтірікті де айтып, сатқындықты да жасап (ол да бір өтірік), екіжүзділікті  де көрсетіп жүр. Сөйтіп, адамда макиавеллиандық зерде, яғни әзәзілдік пен қаталдықтың, рахымсыздық пен жалғандықтың арқасында  әлеуметтік әрекет қалыптасты. Адамзат баласы жақсылықты көп байқай бермейміз, баға­ламаймыз. Ал, бүгін бізді біреу алдап, тақырға отырғызып кетсінші, ертең өле-өлгенше ондай әрекеттің қайталануына жол бермейміз. Түрлі  жағдайларға байланысты біреулер абайсызда өтірік айтады, екіншілері қалай өтірік айтқанын өздері де байқамай қалады.

Өтірік айту адамның тегінде бар нәрсе. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтылмаса керек. Баланы бесіктен өтірік айтпауға тәрбиелеген дұрыс. Мысалы, алты жасар Асқар үйдегі кесені сындырып қояды да, бірақ анасына оны үш жасар қарындасы Айша сындырды дейді. Осылайша, бала бесіктен белі шықпай жатып, өтірік айтуға дағдыланады. Ертең, бала өскен сайын ол өтіріктің салмағы да ауырлайтынын ескере бермейміз. Әлбетте, адамның құлағына жаман шындықтан гөрі, жақсы өтірік майдай жағатыны...

(126 баллов)