Жақсылардың жақсысы Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты....

0 голосов
106 просмотров

Жақсылардың жақсысы
Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен.
Сонда әкесіне қызы:
- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - дейді.
- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.
Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. Қыз әкесіне:
- Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,- дейді.
- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады,- деп түсіндірді әкесі.

16. Кейіпкердің назарын өзіне аудару мақсатында қолданылған сөзі бар нұсқа
A) Қыз есейіп, бойжеткен атанады.
B) Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.
C) Ал кітап оқысаң, білімің артады.
D) - Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар.
E) - Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда.



19. Мәтінде кездесетін адамның жас атауы
A) Бала
B) Бозбала
C) Қыз
D) Бойжеткен
E) Сәби


Қазақ тiлi (20 баллов) | 106 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

16.В......
19.Д.......

(192 баллов)