Андардын кыскы тиршилиги малемет

0 голосов
156 просмотров

Андардын кыскы тиршилиги малемет


Қазақ тiлi (12 баллов) | 156 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Суықтан құстардың қалың мамықтары сақтайды. Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы, соның себебінен көпшілік құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген.

Сауысқан да, қарға да кез-келген тамақты қорек ететін құстар. Қыста тамақ табу қиын болғандықтан, ауыл маңайында жүріп, түрлі тамақ қалдықтарымен қоректене береді. Олар қар астында қатып қалған төгінділерді де, тырнақтарымен тырнап босатып, мықты, үшкір тұмсықтарымен шоқып та қоректенеді. Қырғауыл, құр сияқты құстар үшін қысқы тіршілік өте қиын. Олар бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Орманды жерлерде тоқылдақ, суықторғайлар да қыстайды. Тоқылдақ ағаш қабығының арасындағы бунақденелілерді тауып қоректенсе, оның қар бетіне түскен қалдығын торғайлар, шымшықтар теріп жейді. Сөйтіп тоқылдақтың әрекеті басқа құсқа көмек болады. Құрдың басқа құстардан ерекшелігі бірден көзге түседі. Құйрығына көңіл аударыңдар қайқиып тұрған қалың қауырсынды құр алысқа ұша алмайды. Аязды күндері қар астына кіріп, сонда түнейді. Күн көзі шыққан кезде ғана қардан шығып, жемін іздейді.

- Құстар болмай қалса, не болады?

Апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Құстар туралы жаңа өлеңдер мен тақпақтар жазылмайды. Зиянды жәндіктер мен кеміргіштер қаптап, бақтар мен бақшаларды қаңыратып тастайды. Құрттар, қабық қоңыздар ормандарды кеміріп тастайды. Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын ештеңе қалмайды.

-Ал ондай болмас үшін біз не істеуіміз керек? ( құстарға көмек жасау туралы әңгіме)

Үлгі бойынша құс құрастыру, ұя жасау.

Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа!

(64 баллов)