Помогите написать сочинение по казахскому языку! ** ТЕМУ тәрбие отбасынан басталады

0 голосов
80 просмотров

Помогите написать сочинение по казахскому языку! НА ТЕМУ тәрбие отбасынан басталады


Қазақ тiлi (63 баллов) | 80 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Тәрбие – отбасынан басталады.
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын
ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты
қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады.
Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-
ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие
жұмысын атқаруға кіріседі.
Ата-аналардың балалары алдында олардың
денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін
қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй
болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып
кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін
орындауы., ал балалары алдында ата-
анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы
секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі
таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-
аналар алдына үлкен жауапкершілікті
жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі
міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау,
ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау
дәрежесі биік, ар-ожданы мол, м�
�дениетті, парасатты, еңбекқор, іскер,
бойында басқа да ізгі қасиеттер
қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп
көрсетілген Қазақстан Республикасының
тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы
тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара
ынтымақтастық пен түсіністік болып
табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі
ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады.
Ата-аналар да балаларының күн сайынғы
әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп
отырады. Отбасының берік негізі міне, осы
рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас
ынтымақта болуы, береке бірлігі ең
алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен
мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне,
балаларына, олардың достары мен
жолдастарына деген қарым-қатынасына
байланысты болады.
Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара
қамқорлық пен татулыққа, үй іші
жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға,
жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға
салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп
тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын
бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы
тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы
балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге
жоғары жауапкершілік сезіммен қарау,
адамды құрметтеу сияқты адамгершілік
қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік
туғызады.
Баланың адамдармен қарым-қатынас
жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады.
Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен
қалыптасуы процесіндегі ролі де ерекше.
Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары
жасалады, мәдени орта қалыптасады,
сезімдік күйлер орнығады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда

(67 баллов)