Бұл өте жақсы, күн шуақты күн болды. Анасы баласымен көшеде серуендеп жүрді. Бала бір ағашқа қарап қалды. Және анасынан сұрады: мына ағаш неге кішкентай және қисық,-деп. Себебі, оған ешкім күтім жасамаған, ол өздігінен өсіп тұр. Олай болса күтімнің үлкен маңызы бар екен ғой? Әзір сен кішкентайсың, саған да күтім керек. Мен саған көмектесемін, сенің қателеріңді жөндеймін. Егер сен тыңдасаң, жақсы, мейрімді адам болып өсесің, ал тыңдамасаң мынау өзің айтқан ағаш тәрізді боласың