Стихи на казахском маме на 8 марта
Тамаша тілім барда айнала маң, Жан бар ма асыл сөзден жайнамаған? Анамның ақ сүтінен жаралғандай, Өзіңнен артық тілді қайдан алам! Анашым ақ бесікті тербеткенде, Әлдилеп мол мейірімен....
О, періште Анам! Келді көктем күнің, Күлімдейді гүлің – Алтын ойлы Анам, Мерекеңіз бүгін! Жұмақ-кұшак панам, Күндей нұрлы санаң! Қызығын көр ұл-кыз, Еңбек сүйгіш Анам! Жыртылмастан жағаң, Шарықтасын жаңа ән! Арманыңа жетші, О, періште Анам!
Мерейлі сәт мерекеге ұласып Сегізінші наурыз келді қыр асып Қыз-келіншек,нәзі жандар мейрамы- Көктемімнің шапағатын тұр шашып Құтықтаймыз аналарды,қыздарды, Мерекеден шуақты бір із қалды. Болсын әркез көтеріңкі көңілдер Дүниеде ең кемеңгер дананы Ана табады,аялайды бағады Сол үшінде құдіретіңе бас иіп Құрметтейік қасиетті-ананы