Перевидите текст "Қызыл бет"
Қыстың аты қыс...Қаңтар айы қақап тұр.Тапжылмастан екі-үш сағат отырып,үйге берліген сабақтарын таптұйнақтай орындаған Нұрболдың далаға шыққысы келді.Таңертең жұмысқа кетерде әке-шешесі "үйде отыр,ойнға барамын деп беті-қолыңды үсітесің" деп құлағына құйған.Сексендегі әжесіне де қайта-қайта тапсырған.
Нұрболдың іші пасты.Сыртта аяз болса да,шығып ойнағасы келді."Әжемі қалай көндірсем екен?" деп уайымдады.
-Әже,Жанғалидың уйіне барайын деп едім...
-А-а, не дейсің?
-Досымның үйіне барып келейін...
-От жағамын дейсің бе?
Әжесінің құлағы мүкіс.Қатты айғайламасфң естімейді.
-Иә,-деді Нұрбол.
-Жаға аласың ба?
-Иә, далаға шығамын... ойнаймын,-деді Нұрбол дауысын әйдейі бәсеңдетіп.
-Өзің біл...
Нұрбол жылы киініп, шанасын сүйретіп,үйлеріне тақау тұстағы төбеге жетті.Өзімен тетелес үш-төрт бала жарыса сырғанақ тепті.
Қас қарая үйге жеткен Нұрболды есік аузында анасы қарсы алды.
-Қайда жүрсің,жүгірмек!Пеш жағамын деп әжеңді алдап...Шыныңды айтпайсың ба?
Анасы жалма-жан бетін ұстап көріп еді,терісі үлбіреп тұр.Үстіп алыпты.Шешесі суық сумен жуып, қаздың майын щылқыта жақты.