Реферат про Күй Адай.

0 голосов
85 просмотров

Реферат про Күй Адай.


Қазақ тiлi (57 баллов) | 85 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

«Адай» – күй. Авторы – композитор Құрманғазы Сағырбайұлы. Күй халықтың еркіндік жолындағы ерлік күреске толы ой-идеясын екпінді ұран түрінде беруге құрылған. Домбырашы Қ.Жантілеуов 1934 жылы Алматы қаласында кәсіби сахнада «Адай» күйін алғаш рет орындаған. 1935 жылы Л.Мұхитов орындауында күйтабаққа жазылып, ол «Амангелді» көркем фильмінде пайдаланылды; ал композитор А.Жұбанов «Адай» күйін оркестрге түсірді. Осы күй қазіргі кезге дейін өзгеріссіз орындалып келеді. «Адай» күйінің екінші бір түрін өзінің домбырашылық орындау ерекшелігіне қарай кезінде Дина Нұрпейісова тартқан.

(14 баллов)