В.В Радлов конспект ** казакском

0 голосов
99 просмотров

В.В Радлов конспект на казакском


Қазақ тiлi (12 баллов) | 99 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Адлов Василий Васильевич (Фридрих Вильгельм) (5.1.1837, Берлин — 12.5.1918, Санкт-Питербург)[1] — Ресей шығыстанушысы, этнограф, археолог, Петербург Ғылым Академиясының академигі (1884). Полиция қызметкерінің отбасында дүниеге келген. Жасында гимназияда оқыған, Берлин университетін бітірген (1858). Осы тұста ол араб тілі,парсы тілітүрік тілітатар тілі, моңғол, манчжур, қытай тілі, т.б. тілдерді үйренді. Радлов 1858 ж. Ресейге көшіп келіп, Алтай өлкесінде мұғалім болды. Кейіннен Қазан оқу бөлімінің татар, қазақ, башқұрт мектептерінің инспекторы (1871 — 84), Азия (1885 — 90), антропология және этнография (1894 — 1918) музейлерінің директоры, Орталық және Шығармалары Азияны зерттеу жөніндегі орыс комитетін құрушылардың бірі, оның басшысы (1903 — 18) болды. Радловтың ғылыми өмірі үш кезеңге бөлінеді: АлтайҚазан,Петербург. Алтай кезеңінде (1859 — 71) Батыс Сібір, қырғыз даласы, Хакасия, Жетісу аймақтарында тіл, фольклор, этнография материалдарын жинаумен айналысты. Қазан кезеңінде (1871 — 84) “Солтүстік түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы” және “Сібірден” (екеуі де неміс тілінде) aтты екі еңбегі жарық көрді. Петербург кезеңінде (1884 — 1918) “Түркі тілдері сөздігін жасау тәжірибесі” атты көп томдығы баспадан шыға бастады (әлі күнге дейін толық жарық көрмеген, 4 жинағы шыққан). 1891 ж. ол Ресей ҒА экспедициясын басқарып, Моңғолия жеріндегі Орхон ескерткіштерін зерттеген. 10-нан астам әріп таңбаларын оқып, Кошо-Цайдам ескерткіштерінің фонет.-грамматикалық ерекшеліктері туралы жазды, мәтіндердің орыс тіліндегі транскрипциясын жасады. Әр жылдары “Құтты білік” (1891 — 1910), “Тоныкөк” (1899) ескерткіштерінің аудармасы мен транскрипциясын жариялады.

(283 баллов)