Қамқор қыз
Бұл Мерей. Мерей өте кішіпейіл, мейірімді, ақылды, сүйкімді қыз.Оның атасы бар. Бүгін оның атасы ауырып қалыпты. Төсекте жатқан атасына бүгін күні бойы қамқор болды. Атасына су беріп немесе дәрісін беріп жан аямай қамқор болды. Келесі күні Мерейдің қамқорлығының арқасында атасы құлан таза айығып кетті.