Құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы!
Менің Сізге хат жазу себебім Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғалы 24 жыл және қазақ тілінің мәртебесі туралы "Тіл туралы" Заңымыздың қабылданғанына 26 жыл болса да, ана тіліміз өзінің ғасыолар бойы қол жеткізген мәртебесіне әлі жете алмай жүр. Мысалы үйдегі менің анам үлкен адам ол мемлекеттік құзырлы органдарға қандай да бір шаруаларымен хабарласса (тікелей немесе телефон арқылы) өзіне қажетті ақпараттарды жеткізе және түсіне алмайды. Өйткені ол орындарда өзге ұлттың өкілдері "Говорите по русский! деп шығады. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіз мына сұраққа жауап беріңізші. Өзіміздің ана тіліміз қашан өзінің заңды мәртебесіне қол жеткізеді? Әлі қанша уақыт осылайша тілден кемістік көріп жүреміз? Қазақ Қазақстанда қазақша сөйлемегенде Шыңжанға немесе Баян-Өлгейге барып сөйлейді ме?