Астана қаласы.
Біздің Республикамыз-тəуелсіз,егемен ел. Қазақстанның жері кең-байтақ.Еліміз Азияда орналасқан.
Тəуелсіз Қазақстанның астанасы-Астана қаласы. Астана-еліміздегі ең əдемі қала.Астана қаласы бұрын <Ақмола> деп аталған. Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан. Қала халқы жылдан-жылға өсуде. Қалада көп ұлт тұрады. Көптеген жаңа əдемі ғимараттар,биік үйлер салынды. Қала көшелерінде көптеген тарихи ескерткіштер бар. Астана-болашағы үлкен қала.